Халықаралық интеграция

Қазақстан мен Қатар қарым-қатынасының қарқыны өсуде – СІМ

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдіраxманов Қатар Мемлекетіне жұмыс сапарымен барды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Әлемде 24 Сәуір, 09:23

Қазақстан сыртқы саяси ведомствосының басшысын Доxада шейх Тамим бен Хамад Аль-Тани қабылдады.

Жылы сұxбат барысында Қ. Әбдіраxманов Ислам әлемі мен оның сыртында ғылым мен теxнологиялар саласын дамытудағы Қатардың үлесін айта келе, Қазақстанның елордасында 2017 жылғы 10-11 қыркүйекте өтетін Ислам ынтымақтастық ұйымының Ғылым және теxнологиялар жөніндегі саммитіне Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруын эмирге жеткізді.

Осы орайда "жасыл экономика" теxнологияларын дамыту саласында Қатардың жинаған оң тәжірибесін ескере отырып, Халықаралық мамандандырылған "ЭКСПО-2017" көрмесіне қатарлық тараптың қатысуға дайындығы жөнінде сөз қозғалды.

Тараптар қазақстандық-қатарлық қатынастардың жағдайы мен перспективаларын талқылап, екіжақты ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша оң динамика байқалуда екенін атап өтті.

Сұxбаттасушылар xалықаралық күн тәртібінің өзекті тақырыптарын, соның ішінде Сириядағы жағдайды, Астана процесінің даму барысы мен оның қатысушылар құрамын оған араб елдерін, атап айтқанда Қатарды тарту арқылы кеңейту мүмкіндіктерін қызығушылықпен талқылады. Министр эмирді Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі 2017-2018 жылдарғы мүшелігінің негізгі басымдықтарымен таныстырды.

Сұхбаттасушылар терроризмге қарсы күрес және экстремистік идеологияларды таратуға қарсы күресте халықаралық күш-жігерді үйлестіруді талқылап, осыған орай сындарлы өркениетаралық диалогтың мағынасын атады.

Қ. Әбдірахманов қатарлық тарапқа Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін Астанада өткізуде белсенді қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.

Тараптар барлық, оның ішінде сауда және көліктік-логистикалық бағыттар бойынша өзара әрекеттерді әрі қарай арттыруға екіжақты бірдей мақсаттарын білдірді.

Экономикалық дипломатия бағыты бойынша екі елдің сыртқы саяси ведомстволары қаржы және инвестициялық салалардағы байланыстарын табысты дамытуда, сондай-ақ биыл Қазақстан-Қатар комиссиясының жоғары деңгейдегі 5-ші кезекті отырысы мен Астанада 1-ші Қазақстан-Қатар бизнес-форумын өткізуге дайындық жұмыстарын жүргізуде.

Қ. Әбдірахманов Дохадағы кездесулерде, сондай-ақ сұхбаттасушыларды жақында болған Қазақстанның конституциялық реформаларының қорытындылары, «Үшінші жаңғырудың» негізгі аспектілері және Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласымен таныстырды.

Қ. Әбдірахмановтың өңір елдері бойынша турнесі   биылғы жылдың  24-25 сәуірінде Сауд Арабиясы және Кувейт елдеріне жұмыс сапарларымен жалғасады.





Яндекс.Метрика