Өңірлер

Сәтпаевта жаздың соңына дейін 25 бес қабатты тұрғын үй салынады

Сәтпаевта жаздың соңына дейін 14,9 млрд теңгеге 25 бес қабатты тұрғын үй салынады, деп хабарлады Қарағанды облысының әкімдігі.
Қарағанды24 Сәуір , 08:49

Көшіру Жезқазған, Сәтпаев қалаларын және Ұлытау ауданын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған кешенді жоспар аясында жүзеге асырылады.

2016 жылы 805 пәтерлік 15 көп пәтерлі тұрғын үй салынып, қоныстандырылды. Шағын ауданға магистральді жылу желісі тартылды, үйлер қажетті инженерлік коммуникациялармен қамтамасыз етілді. Тұрғын үйлердің құрылысына 8,6 миллиард теңге жұмсалды.

Биыл «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша шағын ауданда жаңа мектеп салынады. 

Ерлан Қошанов «Нұрлы мекен» шағын ауданындағы аулалар мен пәтерлерді аралады. Сәтбаевтың әкімі Асқар Ыдырысов қоныстанушыларға көп пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы жалғасатыны туралы баяндады.

2017 жылы «Нұрлы мекен» шағын ауданында 1150 пәтерлік тағы да 25 бес қабатты тұрғын үй салынады, инженерлік коммуникациялар тартылады. Сонымен қатар, инженерлік коммуникациялар тарта отырып, жаңа №8 шағын аудан (107 екі пәтерлі үй, немесе 214 пәтер) салу жоспарланған.

 

 Шағын ауданға жаңа электр тарату желісі тартылады, 2,8 км қосалқы станцияның құрылысы мен магистральды жылу желісінің құрылысы қарастырылған, - деп хабарлады қала басшысы. – Сонымен қатар, екі жатақхананың тұрғындарын көшіру керек. Қазақмыс корпорациясының басты жобалық институтымен жобалық-сметалық құжаттама әзірленді.


Тамыз айында 25 бес қабатты тұрғын үйдің құрылысын жүргізу жоспарланған. Шығындар 14,9 миллиард теңгені құрайды.




Яндекс.Метрика