Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Астанада электр-гибридті автобустар жүреді

Елордада күнделікті негізде 450 мың автокөлік, 1000 дана қоғамдық көлік қатынайды, ал жолаушылардың ағыны тәулігіне 800 мың адамды құрайды, деп хабарлады қала әкімдігі.
Астана қаласы22 Сәуір , 15:23

Қалада қоғамдық көлікке басымдық беру арқылы көлік кешенін басқарудың жаңа моделін іске асыру жалғасуда.

380 жаңа жайлы автобус сатып алынды, оның 20-сы электр-гибридті.

1 маусымға дейін жалпы ұзындығы 74,2 км болатын 24 учаскеде «Bus Lane» қамтылады, бұл көші-жол желісінің каркасын жасап, қоғамдық көліктің қозғалысына басымдық беруге жағдай жасайды. Ақылы автотұрақтарды ұйымдастыру шаралары қолға алынуда.

Бұл  шаралар қоғамдық көлікті пайдаланушылардың санын 33%-дан 2018 жылы 45%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. 

Қытайлық әріптестермен бірлесе LRT жобасы іске асырылуда.

МЖӘ шеңберінде Көлікшілер қауымдастығымен бірлесіп «Бірыңғай такси қызметі» жобасы іске асырылып, отандық өндірушілерден автокөліктер сатып алынуда. ЭКСПО көрмесіне дейін іске қосылады. 




Яндекс.Метрика