Энергетика

ТНК құбыр арқылы мұнай айдау ісін қалпына келтірді

«Теңіз-Новороссийск» магистральдық мұнай құбырын (ММҚ) жоспарлы түрде 56 сағатқа тоқтату шеңберіндегі жұмыстар аяқталғаннан соң құбыр арқылы мұнай айдау ісі қалпына келтірілді.
Казахстан 22 Сәуір, 13:06

Компания хабарлағандай, мұнай тасымалдау жүйесіне техникалық қызмет көрсету және Кеңейту жобасы аясында құрылысы салынған жаңа объектілерді қосу жұмыстары жүргізілді.  Бұл іс-шаралар магистральдық мұнай құбырының барлық объектілерінде, оның ішінде мұнай айдау станциялары (МАС) мен Теңіз терминалында жүргізілді.   

Қазақстан Республикасында жаңадан салынған А-МАС-3А станциясын магистральдық мұнай құбырына қосу жұмыстары орындалды. Оның алдында МАС құрамындағы барлық қосалқы объектілер қауіпсіздік жөніндегі тексеруден сәтті өткізілді.  

«Атырау» МАС-та ControlNet желілік басқару жүйесінің коаксиалдық сегменттерін кешенді қайта құру жүргізілді. Бұл жүйе КҚК-да 2001 жылдан бері қолданылуда, ол МАС пен КҚК Бас басқару орталығы (ББО) арасында негізгі және қосалқы технологиялық жабдықтардан ақпарат және басқару командаларын кепілді түрде жеткізу үшін арналады. ControlNet желісінің аппараттық және бағдарламалық қамтуына жүргізілген қайта құру МАС-тарды басқарудың сенімділігін арттыруды және бүкіл құбыр жүйесін пайдалану қауіпсіздігінің деңгейін көтеруді мүмкін етеді.  

Ставрополь өлкесінде МАС-4-ті ММҚ-ға жалғау торабында үйкелуге қарсы қоспаны енгізу жүйесін қосу және оны магистральдық мұнай құбырын басқару жүйесіне біріктіріп енгізу орындалды.    

КҚК барлық аймақтарында ММҚ желілік бөлігінде магистральдық шарлы кран рұқсатсыз жабылғанда гидросоққыдан қорғау жүйесінің автоматты әрекетін басқару логикасы тексерілді.   

КҚК Теңіз терминалындағы Резервуарлар паркінде тазартқыш құрылғылар жүйесінің сапаны бақылау блогындағы газ анықтау жүйесінің басқару логикасы әзірленіп, тестілеуден өткізілді.

КҚК мұнай тасымалдау жүйесін кеңейту аясында іске қосылған жаңа МАС-тардың барлық өткізу тораптарында құбырішілік тазартқыш және диагностикалық құрылғыларды автоматты түрде өткізу жұмысының логикасы тестілеуден өткізілді.

Жылдық бағдарламаны орындау шеңберінде ҚР «Теңіз» және «Атырау» МАС-тарында, РФ «Астраханская» және «Комсомольская» МАС-тарында жалпы саны 5 шарлы кран ауыстырылды.   





Яндекс.Метрика