Мәдениет, дәстүрлер және даралық

2014 жылы «Астана Опера» 8 премьера қояды

2014 жылы «Астана Опера» 8 премьера қояды, деп театрдың баспасөз қызметі хабарлады.
Нұр-Сұлтан20 Желтоксан , 18:30

«Жалпы алғанда 2014 жылы театр сегіз тұсаукесер жасамақшы, соның ішінде балеттен: П. И. Чайковскийдің «Аққулы көл», А. Аданның «Жизель», А. Хачатурянның «Спартак», Ғ. Жұбанованың «Қарагөз» және операдан: Е. Брусиловскийдің «Қыз Жібек», Дж. Пуччинидің «Тоска», Дж. Вердидің «Аида», В. Моцарттың «Сиқырлы сырнайы» бар», - делінген хабарламада.

Астана күніне орай «Ла Скала» театрының труппасы «Астана Опера» театрына Людвиг Минкустың «Дон Кихот» балеттік спектаклімен гастрольмен келеді.

2015 жылы «Астана Опера» театры «Сан-Карло» театрымен бірлесіп Джакомо Пуччинидің «Турандот» операсын қояды. Осы жылы «Астана Опера» (Қазақстан) және «Сан-Карло» (Неаполь, Италия) театрлары гастрольмен алмасады

 




Яндекс.Метрика