Энергетика

Қашағанда жыл соңына дейін тәулігіне 370 мың баррель өндіру жоспарланған

Коммерциялық өндірудің басталуы 2016 жылғы 1 қарашада жарияланды. Теңіз және жерүсті кешендерінде жабдықты пайдалануға енгізу бойынша жұмыстар жалғастырылуда, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Казахстан22 Сәуір , 11:19

Өндіруді қайта жаңартуды бастағаннан бері 2 млн. тоннадан астам мұнай және 1 млрд. астам м3 газ өндірілді. 2017 жылы мұнай өндіру деңгейін тәулігіне 370 мың баррелге дейін ұлғайту үшін газды кері айдаудың екі компрессорын іске қосу жоспарланып отыр.

Мұнай өндіру деңгейін одан әрі ұлғайту үшін газды кері айдау қуаттарын кеңейту жобасы іске асырылатын болады. Қазіргі уақытта осы жобаның оңтайлы тұжырымдамасын таңдау бойынша жұмыстар орындалып жатыр.

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика