Инвестициялар

Қазақстан сабаннан электр қуатын өндіретін болады

Вице- премьер - Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметов Macau Legend Development Ltd қытайлық компаниясының басшыларымен кездесті, деп хабарлады АШМ баспасөз қызметі.
Астана қаласы22 Сәуір , 10:02

Қытайлық компания Қазақстан жерінде құны 300 млн. АҚШ долларын құрайтын сабанды қайта өңдеу кәсіпорынын құрмақшы. Бұл кәсіпорын құрылысының арқасында 500-ге жуық қазақстандық жаңа жұмыс орнымен қамтылады деп жоспарлануда. Барлық қаржылық салымдарды қытайлық тарап инвестициялайды.

Аталған кәсіпорын жобасының қуаттылығы жылына 10 млн. тоннаны құрайтын сұйық және қатты органикалық тыңайтқыштарды өңдіруге мүмкіншілік тудырады деп жоспарлануда.

Сонымен қоса, зауытта көлемі 5 мың куб.метр құрайтын метан газын өндірсе, сол арқылы 120 млн кВт электр қуатын, 70 мың тонна биологиялық лигнинді Қытай, Еуропа елдеріне экспорттау мүмкіндігі пайда болады. Сонымен қатар, зауыт күнделікті 20 мың тонна сапалы қағаз өңдеуге қажетті целлюлоза шикізатын шығара алады.

Ал аталған компанияның Қазақстанға қойып отырған талабы – жылына 500 мың тонна шикізатпен, яғни сабанмен қамтамасыз ету.

 

Биологиялық лигнин – көптеген кәсіпорын мен медицинада қолданылатын бағалы химиялық шикізат.

Айта кететін жайт, А.Мырзахметов жақында Қытай еліне жұмыс сапарымен барып, бірнеше келісімдерге қол жеткізіп, бизнес қауымдастық өкілдерімен кездескен болатын.

 

 




Яндекс.Метрика