Басқару

Мемлекет пен діннің қарым-қатынасы ұлттық салт-дәстүр негізінде болуы керек – министр

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті, деп хабарлады ведомство.
Астана қаласы21 Сәуір , 19:24

Іс-шара барысында Дін істері және азаматтық қоғам министрі Н.Ермекбаев Жолдауды жүзеге асыруда министрліктің атқарылған жұмыстары мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы негізгі тұжырымдамалары шеңберінде қойылған міндеттер туралы баяндама жасады.

Министр өзінің баяндамасында министрліктің жаңғырудың жаңа кезегіндегі мемлекет пен діннің өзара әрекет етуінің қазақстандық үлгісін жасақтау алда тұрған басымдықтардың бірі екенін айтты. Сонымен қатар, бұл үлгі ұлттық дәстүрлер, заманауи талаптар мен мейірімді, адамгершілік, бейбітшіл канондарға негізделу қажеттігін тілге тиек етті.

Аталған мақсаттарды жүзеге асыру үшін министрлікпен заңнамалық бастамалар әзірленген болатын. Олардың арасында Қазақстан Республикасының дін саласындағы 2017-2020 жылдарға арналған мемлекеттік саясаттың Тұжырымдамасы бар. Министр Тұжырымдама діни кертартпалық пен экстремизмге деген қоғамның иммунитетін нығайтуда нақты шараларды ұсынатынын баса айтты.

Министрліктің келесі маңызды бастамасы ретінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни  қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы айтылды. Қазіргі кезде жоба әзірлеу үстінде. Заң жобасының негізгі ережелерінде діни әдебиет пен діни сараптаманы өткізу тәжірибесін жетілдіруі қарастырылуда.

Сондай-ақ Н.Ермекбаев Мемлекет басшысы өз мақаласында біздің көп конфессиялы қоғамымызда тұрақтылықты сақтау маңыздылығына зейін аударғанын айтты. Осыған орай дін істері және азаматтық министрлігі діни бірлестіктердің кедергісіз жұмысы үшін қолайлы жағдай жасау және барлық конфессиялармен ынтымақтастықты нығайту үшін жұмысын жалғастырады екен. Мәселен, ведомствода Сарапшылар кеңесі мен діни көшбасшылары жетекшілерінің жиналысы ұйымдастырылуда. Сонымен қатар жыл сайын имамдар форумы өтеді. Қазақстандық тәжірибені жылжыту үшін арналған  Әлемдік және дәстүрлі діндер съезі де пікір алмасуда нәтижелі алаңға айналуды.

Сонымен қатар, діни экстремизмнің алдын алу бойынша жұмыстар жалғасуды. Министрлік дінді деструктивті мақсатта қолдануды болдырмас үшін келесі әрекеттерді жүзеге асыруда: заңсыз діни материалдарды таратуды бақылау, радикалды көзқарасты ұстанатын осал топтар мен тұлғалармен жұмыс жүргізу, азаматтардың діни сауаттылығын арттыру.

«Біз зайырлы мемлекетте өмір сүреміз. Сондықтан мемлекеттің талаптарын сақтау – қоғам өмірің талабы. Зайырлы мемлекет -  көпконфессиялы ортада тұрақылықты сақтаудың жалғыз жолы», - деп Н.Ермекбаев ойын жалғастырды.

Нұрлан Ермекбаев эксперттік қауымдастық министрлікке үлкен қолдау көрсетіп отырғанын атап өтті. Қазіргі күнде мемлекет бойынша 306 арнайы теологиялық және ақпараттық топтар жұмыс істеуде. Олардың құрамында – 3,5 мыңнан астам дінтанушылар мен діни ұйымдардың өкілдері бар.

Жалпы жүзеге асырылып отырған шаралар діни саладағы жағдайды жақсартуға септігін тигізеді, - деді министр.

Нұрлан Байұзақұлы өзінің баяндамасында сонымен қатар азаматтық қоғаммен жұмыс жүргізудегі басымдықтарды айтып өтті. Бұл бағытта министрліктің жұмысы Президент Жолдауына сәйкес адам капиталының сапасын арттыру бойынша жүргізіліп отыр.

 

 




Яндекс.Метрика