EXPO-2017

Н.Назарбаев: Бастысы біздің экспонаттар шетелдіктерден кем түспеуі керек

Халықаралық мамандандырылған «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық барысы бойынша кеңесте Нұрсұлтан Назарбаев ведомство басшыларына ЭКСПО-2017 көрмесін жоғары деңгейде өткізуді тапсырды.
Астана қаласы21 Сәуір , 17:15

«Астана ЭКСПО-2017»ҰК»АҚ мен ҚР СІМ барлық қатысушылардың павильондарды толықтыру процесін жылдамдатуды тапсырамын. Қазақстандық павильон барлығының назарында болады, олар бірінші кезекте Қвазақстанға келе жатыр. Маған 28 отандық зерттемелер бойынша есеп беретін болыңдар, тіпті оқу орындарымыздың энергетика, қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобалары туралы да мәлімет беретін болыңдар. Бозымбаев және Сағадиев бұл сендердің жауапкершіліктерінде. Бастысы біздің экспонаттарымыз шетелдіктерден кем түспеуі керек және одан ары жұмыс істейтін болуы шарт», - деді Президент. 

Елбасының келесі тапсырмасы ЭКСПО кезінде түрлі шараларды өткізуге қатысты болды.   

«Біз еліміздің беделін арттыратын жоғары деңгейдегі 18 шараның кестесін бекіттік. Оның ішінде ШЫҰ саммиті, Астана экономикалық форумы мен Шетелдік инвесторлардың кеңесі бар. Сонымен қатар, жоғары деңгейде мемлекет басшыларының сапарлары күтілуде. Үкімет пен қала барлық ұйымдастыру шараларын сапалы жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін болсын», - деп тапсырма берді Елбасы.

Президенттің айтуынша, бүгінде дайындалып жатқан волонтерлар біздің елдің айнасы болады.

«Көрменің табыстылығы олардың қонақжайлылығынан, ұқыптылығынан және олардың тіл біліміне байланысты болады. Ахметжан Есімов пен Әсет Исекешов осы мәселені назардан тыс қалдырмасын. ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне қонақтарға сапалы медициналық қызметтің көрсетілгенін және олардың сапалы аспен қамтамасыз етілуін қадағалауды тапсырамын», - деп тапсырма берді Н. Назарбаев. 

ЭКСПО-ның келесі маңызды жұмысы – ақпараттандыру.

«Көрменің мақсаты еліміздің беделін көтеру ғана емес, сонымен қатар  келушілер мен қазақстандықтарды алдыңғы қатарлы технологиямен таныстыру.  ЭКСПО насихаттау жұмысына барынша көптеп БАҚ тартатын болыңызда. Оған ҚР мәдениет және спорт министрлігі жауапты», - деді Н. Назарбаев.

Ұлт көшбасшысы хабарлағандай, еліміз құрылыс және іске қосу жұмыстарына мемлекеттік қаржыны жұмсады, енді ол көрме аяқталғаннан кейінде ел игілігі үшін жұмыс істеуі керек.

«Олар өздерін күтіп ұстау шығынын өтеп қана қоймей, ел экономикасына елеулі үлес қосуы шарт. Біз көрме аяқталғаннан кейін ол нысандарды қалай пайдалана алатынымызды жетік түсінгеніміз абзал. Осы ретте Үкіметке «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясымен бірлесіп осы тұрғыда өз ұсыныстарын ұсынуды тапсырамын», - деп түйді Президент.

Естеріңізге сала кетейік, Н. Назарбаев келелі кеңесте ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін ұйымдастыру бойынша барлық проблемалар шешілу керек деп ескертті.

Ақбота Күзекбай




Яндекс.Метрика