Басқару

ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы тағайындалды

ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 20 сәуіріндегі бұйрығымен Дұғалов Ғалымжан Тілектесұлы ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлады Техникалық реттеу және метрология комитетінің баспасөз қызметі.
Астана қаласы21 Сәуір , 18:14

2011 жылдан бастап  Дұғалов  Ғалымжан ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология  комитетінің  төрағасының  орынбасары  қызметін атқарды.

Оның еңбек жолы  1994 жылы  СІМ Халықаралық экономикалық  қатынас басқармасынан басталды, кейін  ҚР Президенті Әкімшілігінің  экономикалық саясат  бөлімінде жұмыс істеді.

1996 жылы ҚР метрология және сертификаттау, стандарттау комитетінің  стандарттау және сертификаттау  бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

 

 




Яндекс.Метрика