EXPO-2017

Нысандар уақытылы тапсырылуы керек – ҚР Президенті (ФОТО)

ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысты барлық проблемаларды шешу керек, деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық көрмеге қатысты өткен кеңес барысында.
Астана қаласы 21 Сәуір, 14:43

«Дүниежүзілік ЭКСПО  көрмесіне қатысты  барлық  проблемаларды шешу керек.  Нысандардың көп бөлігі  аяқталған, пайдалануға  дайын.  Конгресс орталық пен  қонақ үйлерде  құрылыс  жұмыстары жалғасуда.  Нысандар  уақытылы тапсырылуы керек», - деді Елбасы.

Президенттің айтуынша,  астаналық мәдениетті жоғары  деңгейге көтеру керек.

«Қонақтардың әсері әуежайға түскеннен бастап қалыптасады.  Оларды әуежайда, вокзалдарда  қарсы алу деңгейі қандай. Нысандардың барлығы таза болуы керек.  Темір жол вокзалында тамақтанатын орындар қалай қарсы алды, оларға қызмет көрсету деңгейі  ескеріледі. Бұның барлығы ұсақ-түйек нәрсе емес.  Бұл Астананың барлық  сауда нүктелеріне қатысты. Елорданың  мәдениетін көтеру  керек», - деді Президент.

Осы орайда Президент  барлық органдарға   ЭКСПО-2017  ұйымына қатысты кедергілерді шеттетуді тапсырды.

Сондай-ақ, логистика мәселесі ерекше бақылауға алынды.

«Астана, Қарағанды, Көкшетау қалаларының әуежайлары резервте тұруы керек, ол жерде тәртіп  болғаны дұрыс. Автокөліктердің ағыны да күшейеді.  Облыстардан көлік ағыны айтарлықтай көп болады. Астанаға әкелетін жолдардың  жағдайын қамтамасыз ету керек», - деп  Елбасы Инвестициялар және даму министріне қарата айтты.

Н.Назарбаев айтып өткендей,  ЭКСПО-ны күн сайын  30-дан 120 мың адамға  дейін тамашалйды.

Астанада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Халықаралық мамандандырылған «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық барысы бойынша кеңес өтіп жатыр.

Ақбота Күзекбай  

Фото: Бауыржан Жуасбаев 





Яндекс.Метрика