EXPO-2017

ЭКСПО-2017 нысандарының құрылысы мамыр айының ортасында аяқталады – А.Есімов

ЭКСПО-2017 нысандарының құрылысы мамыр айының ортасында аяқталады. . Бұл туралы Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Халықаралық мамандандырылған «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық бойынша кеңесте «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов мәлімдеді.
Астана қаласы21 Сәуір , 13:02

А.Есімов айтып өткендей, бүгінгі таңда көрменің  20 нысан құрылысының   18-і  аяқталды.

«Екі нысан бойынша  құрылыс жүруде. Бұл конгресс-орталық пен  қонақ үй.  Қонақ үй бойынша  - жоба қайта өңделді. Одан бөлек, Елбасының тапсырмасымен  инвесторларды тарттық.  Нәтижесінде  оның құны  20 млрд-қа азайды. Инвестордың қатысуымен  бюджеттік қаражат шығыны  30 млрд теңгеге қысқартылады. Конгресс орталық  Президенттің  тапсырмасы бойынша қайта жобаланды»,- деді спикер.

Оның айтуынша, бұл нысанның қызметтік мүмкіндігін арттырып, шығынды  9 млрд теңгеге қысқартты.

А.Есімов айтып өткендей,  ЭКСПО-2017  туралы жарнама  Евроньюс, Дискавери, CNN CNBC National Geographic  сынды әлемдік телеарналарда айналымда жүр.

Астанада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Халықаралық мамандандырылған «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық барысы бойынша кеңес өтіп жатыр. 

Ақбота Күзекбай




Яндекс.Метрика