EXPO-2017

ЭКСПО-2017 жарнамасын әлемдік телеарналардан көрсетіп жатыр

ЭКСПО-2017 туралы жарнама Евроньюс, Дискавери, CNN CNBC National Geographic сынды әлемдік телеарналарда айналымда жүр. Бұл туралы Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Халықаралық мамандандырылған «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық бойынша кеңесте «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов мәлімдеді.
Астана қаласы 21 Сәуір, 12:48

Бұдан бөлек, сыртқы жарнама  Париж, Вена, Сеул, Бейжің, Лондон сынды  қалалардың көшелерінде таныстырылды.  

«Аталмыш жұмыстың нәтижесінде   Қазақстан алғаш рет Нью-йорк Таймс нұсқасының   2017 жылы баруға кеңес берілетін  елдердің  топ-52 рейтінгіне қосылды», - деді А.Есімов.

«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы»  төрағасының айтуынша,   қатысушылардың назарына  халықпен тиімді жұмыс істеу  орындары  ұсынылды.

«Өңірлердегі жұмыс та белсенділей түсті, 2 млн турист және  5 млн көруші келмек.  Бүгінде  930 мың  билет сатылды, оның ішінде белсенді жұмыс істеп жатқан ОҚО, Қарағанды облысы, ШҚО, Жамбыл облысы, Астана және Алматы қалалары. Сондай-ақ,  билеттер  44 елде сатылуда, көрме қатысушыларына арналған ауқымды мәдени шаралар дайындалуда», - деді Есімов Президентке.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен әкімдік   ұлттық компаниямен бірігіп  шараны өткізу бойынша үшжақты кешендік жоспар әзірледі.

 «Демеушілермен  жүргізіліп жатқан жұмысты айтатын болсақ. Бүгінгі таңда  демеушілердің  қаражаты  38,5 млрд теңгені құрап отыр, оның 22, 8 түскен қаражат, 15,7 тауар  мен қызметтен түсті.  Серіктестер мен демеушілерді  тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Билеттерді сату мен демеушілерді тартудан басқа, ұлттық компания  қызмет көрсетуді коммерциаландыруды  бастады. Осы сынды түсімдер мен шығын, кірісті санағанда  ұлттық компания мемлекетке 25 млн теңгені қайтаруды жоспарлап отыр», - деді А.Есімов.

Айта кетейік, ҚР Президентіне  қала әкімі Әсет Исекешев те есеп берді.

Астанада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Халықаралық мамандандырылған «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық барысы бойынша кеңес өтіп жатыр. Шарада қала әкімі Әсет Исекшев те есеп берді. 

Ақбота Күзекбай





Яндекс.Метрика