Басқару

Л.Ақтаева: Елбасының мақаласы елдің саяси және экономикалық жаңғыртуын толықтырады

Елбасының мақаласы елдің саяси және экономикалық жаңғыртуын толықтырады, деді Денсаулық сақтау вице-министрі Лязат Ақтаева «ХХІ ғасырда ҚР денсаулық сақтау саласындағы ұлттық сана туралы» тақырыбында өткен ведомствоның алқа отырысында.
Астана қаласы21 Сәуір , 15:23

Өз сөзінде Денсаулық сақтау вице-министрі Лязат Ақтаева адамгершілікті және рухани қасиеттерді қалыптастыру, құқықтық мәдениетті арттыру, төзімділікті насихаттау, өзге ұлттарға, басқа адамдардың дініне шыдамдылықты дарыту, жастарды мәдени құндылықтарға бейімдеу үшін еліміздің медициналық ЖОО жастар қоғамдық бірлестіктерімен мақсатты жұмыс жасап жатқанын атап өтті.

 «Халықтың денсаулық жағдайына байланысты еліміздің адами ресурстары кез-келген мемлекеттің стратегиялық әлеуеті болып табылады. Жыл сайын денсаулық сақтау жүйесінде ақпараттың 10-15%-ға жуығы жаңартылып, диагностикалау мен емдеудің жаңа әдістемелері, дәрілік препараттар және медициналық техника пайда болады. Осының барлығы медицина қызметкерінен білімін жетілдірілуін талап етеді», - деді вице-министр.

Осы тұрғыдан, біз медициналық кадрлардың әлеуетін арттыру бойынша іс-шараларды жүзеге асырудамыз. Үздік халықаралық технологияларды игеру үшін  2016 жылы 14,5 мың қазақстандық мамандар оқытылды. Шет елге оқуға 85 маман жіберілді.

«Денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық, басқару, білім беру, инновациялық технологияларды енгізуге мүмкіндік беретін шетелдік серіктестермен ынтымақтастық орнатылғанын, 2010 және 2016 жылдары аралығында хирургия, трансплантология, оңалту, кардиохирургия, кардиология, сәулелі диагностикалау, клиникалық-зертханалық диагностикалау, нейрохирургия, мейіргерлік іс, онкология сияқты негізгі клиникалық бағыттар бойынша диагностикалау, емдеу, оңалту және профилактиканың 380 озық әдістері енгізілді», - деді ол.

2016 жылдан бері Министрлік «Денсаулык» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда, оның негізгі бағыттарының бірі қоғамдық денсаулық қызметін қалыптастыру болып табылады. Бұл қызметтің мақсаттарын жүзеге асыру халықтың денсаулығына әлеуметтік факторлардың ықпалын төмендетуге, салауатты өмір салты, дұрыс тамақтану, белсенді және сапалы ұзақ өмір сүру стереотиптерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.  

Әлемдік тәжірибеде денсаулық сақтау саласын цифровизациялау үрдісі қалыптасуда. Ол денсаулық сақтау саласының қызметтерімен жаппай қамтылуын қамтамасыз етуге бағытталған және адамдар үшін, қай жерде болмасын, медициналық көмектің қолжетімді болатындығын білдіреді. Қ

азақстанда денсаулық сақтау саласын цифровизациялауының электрондық денсаулық паспортын құру арқылы жүзеге асырылуы жоспарлануда, онда адамға өмір бойы медициналық көмек көрсетілуін үздіксіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін адамның туғаннан бастап денсаулығы және медициналық көмек көрсетудің эпизодтары туралы ақпарат жинақталады.  

«Мемлекет Басшысының қоғамдық сананың жаңғыртылуы туралы мақаласы саяси және экономикалық жаңғыртуды толықтыратын негізгі буын болып табылады», - деді Лязат Ақтаева, сөзін қорытындылай келе.

Сондай-ақ, алқа жиынында 350 дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік акушерлік пунктер мен емханалардың құрылысы және Жаhандық бәсекелестік индексінің АИТВ/ЖИТС-тің бизнеске орта мерзімді әсері» факторы бойынша көрсеткішке жету үшін қабылданып жатқан шаралар туралы мәселелер талқыланып тыңдалды.




Яндекс.Метрика