EXPO-2017

Астана жаһандық кездесулер мен шараларды өткізудің орталығына айналды – ҚР Президенті

Астанада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Халықаралық мамандандырылған «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық барысы бойынша кеңес өтіп жатыр.
Астана қаласы21 Сәуір , 11:59

«Астана қаласы жыл санап  дамуда. Бұл – мемлекеттің мақсаты. Оны  жүзеге асырып жатырмыз.  Соңғы бес жылда  Астанадағы өңірлік  өнім  үш есеге өсті.  Бұл кезеңде  елордаға  4,5 трлн теңге инвестиция құйылды.  Астананың экономикадағы үлесі  12 пайызға көтерілді.  Біз Қазақстанды тағы бір қалаға байыттық», - деді Мемлекет басшысы.

Н.Назарбаев  айтып өткендей,   экономикадағы  шағын және орта бизнестің үлесі  46 пайызды құрады.

«Бұл өзге өңірлер көрсеткіштері арасындағы ең жоғарғы деңгей. Астана  миллион тұрғыны бар қалаға айналды.  Өткен жылы  2,3 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.  Астана  БҰҰ қамтамасыз ету  деңгейіне сәйкес дамуда.  Қала  жаһандық кездесулер мен шараларды  өткізудің орталығына айналды.  Әлемге танылды», - деді Президент.

Президенттің айтуынша, 9 маусымда  ЭКСПО-2017 көрмесінің салтанатты  ашылуы өтеді.

«Мен жаңа  ғана құрылыс нысандарын аралап шықтым, дайындық өте жоғары деңгейде екен.  Жұмыстар аяқталуға жақын,  абаттандыру, нысандарды  қамсыздандыру  жұмыстары жүргізіліп жатыр.  Көрмені  жоғары деңгейде ұйымдастыру  тәуелсіз Қазақстанның жетістігін әлемге тағы бір рет  паш етеді», - деді Президент.

Ақбота Күзекбай




Яндекс.Метрика