Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

ҚазАгро 2016 жылы АШТӨ несиелендіру үлесін 34 пайызға арттырды

ҚазАгро 2016 жылы АШТӨ несиелендіру үлесін 34 пайызға арттырды. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатында ҚР АШМ және «ҚазАгро» ұлттық холдингінің өкілдерінің қатысуымен Аграрлық мәселелер, табиғатты қорғау және ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі комитеттің кездесуінде мәлім болды.
Астана қаласы21 Сәуір , 12:23

2016 жылдың қорытындысы бойынша Холдинг оң қаржылылық нәтижеге қол жеткізді – 23,5 млрд. теңге көлемінде. Алынған кіріс қаражаты агроөнеркәсіптік кешенді (АӨК) қаржыландыруға және көрсетілетін қызметке қол жетімділікті арттыруға бағытталады.

Саланы қаржыландырудың негізгі бағдарламалары бойынша 2%-ға өсім байқалады.  

Холдингтің секторларды қаржыландырудағы үлесінің көп бөлігі көктемгі-егіс және жинау жұмыстарын қаржыландыруға, ауылшаруашылық техникаларын сатып алуға,  шағын несиелеу және мал шаруашылығын қаржыландыруға тиесілі.

2016 жылғы Холдингтің агросекторды несиелеу көлемінің 89%-ы шағын және орта бизнес (ШОБ) субъектілеріне тиесілі.

Шағын несиелеу нарығындағы Холдингтің үлесі 94%-ды құрады, ауылшаруашылық техникаларының лизингіндегі үлесі – 72%.

Осылайша, Холдинг  саланы дамытуға тікелей маңызды ықпалын тигізеді.   

2016 жылғы көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге Холдингпен шамамен 115 млрд.теңге бағытталды, оның ішінде қысқа мерзімді бюджеттік несие қаражаты 60 млрд.теңгені құрады. Шамамен 7 млн.га егістік алаңдары қамтылды, 42 млрд.теңге сомасында 2 мыңға жуық техника лизингке берілді. Ағымдағы жылы қарыз алушыларды көптеп қамту арқылы салыстырмалы қаржыландыру көлемі күтіледі.  

Холдингтің инвестициялық қоржынында құны 331 млрд.теңгенің 530 жобасы бар. 2016 жылы 41,8 млрд. теңгенің 57 жобасы пайдалануға берілді.  

2016 жылдың қорытындысы бойынша Холдинг қаржыландырған инвестициялық жобалармен 196,4 млрд.теңгенің өнімі өндірілді.

Қаржыландырылған кәсіпорындардағы еңбек өнімділігі 1 жұмыскерге 4 270 мың/теңгені құрады немесе ол орташа салалық көрсеткіштен 4 есеге артық.

 




Яндекс.Метрика