Инвестициялар

Қазақстандық өндірушілер Тәжікстанға 25 млн доллардың өнім сатады

Душанбеде өткен сауда миссиясында қазақстандық кәсіпкерлер Тәжікстанға тауар жеткізу бойынша 25 млн доллардың келісімін орнатты, деп хабарлады «KAZAKH INVEST».
Әлемде21 Сәуір , 18:57

Тәжікстан астанасында «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясының, Тәжікстан Республикасының Сауда-өнеркәсіп палатасының ұйымдастыруымен, Тәжікстан Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің қолдауымен бизнес-форум форматында қазақстандық кәсіпкерлердің сауда миссиясы өтті.

Іс-шараға 30 қазақстандық бояу, құрғақ құрылыс қоспалары, ағаш, ПВХ профильдері мен терезелері, терезе фурнитуралары, МДФ плиталары, шыны-қауырсын құбырлары,  арамен кесілген материалдары, жұқа тақтай, герметик, шифер, металл жабынқыштар өндірушілері; тамақ өнеркәсібі - жұмыртқа, кондитер өнімдері, балық жем, май және тоң май өнімдері, жүгері, зығыр, күріш, ұн, макарон өнімдері, сусындар, консервілер өндірушілері қатысты.

Қазақстандық 120 тауар өндірушілерінің қатысуымен өткен бизнес-форумдар нәтижесінде май өнімдері, ұн, күріш, макарон өнімдері, консервіленген азық-түлік, дәрі-дәрмек, аккумулятор батареялары, кран жабдықтары, оқшаулау материалдары, сорғы жабдықтары, шатыр және қасбеттік жүйелерді, шыны-қауырсын құбырлары, бояу және басқа да өнімдерді Қазақстаннан Тәжікстанға жеткізетін жалпы құны  60 млн. АҚШ долларын құрайтын шарттар жасалды.

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Мейіржан Майкеновтың айтуынша, «Қазақстандық өнім тәжікстандық тұтынушыларға кеңінен таныс. Сыртқы сауда көлемі бойынша Қазақстан Тәжікстанның жетекші серіктестерінің үштігіне кіреді: өткен жылы екіжақты тауар айналымы 590,3 млн. АҚШ доллары, 2015 жылға қарағанда 1,1% -ға жоғары.

Қазақстаннан Тәжікстанға экспорт осы соманың 371,9 млн. АҚШ долларын құрайды. Мұндай шаралардың арқасында, біз екі жақты ынтымақтастыққа жаңа серпін беру және екі ел арасындағы сауда көлемін арттыру мүмкіндігіне ие боламыз, және екі ел арасындағы тауар айналымы деңгейін 1 млрд. АҚШ долларына дейін жеткізу мүмкін деп санаймыз. 

Бизнес-форум аясында қауырсын құбырларды Тәжікстан Республикасына жеткізу үшін қазақстандық өндіруші «Amitech Astana» ЖШС (Амитех Астана) мен  Пласт Сервис» ЖАҚ жалпы құны 3 млн. АҚШ долларын құрайтын келісімге қол қойды.




Яндекс.Метрика