АШК – Қазақстан экономикасының драйвері

ОҚО-да пиязды кептіру цехі іске қосылады

Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданында кооперативтер құру ісі қарқын алуда. Жергілікті «Март» ЖШС-гі пияз кептіру цехын іске қосып, осы өнімді өсірумен айналысатын шаруа қожалықтарының басын біріктірмек, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Южно-Казахстанская область21 Сәуір , 17:38

Цехтың құрал-жабдықтарын «Оңтүстік» Аймақтық инвестициялық орталығы арқылы лизингке сатып алмақ. Кәсіпорынның ерекшелігі – нарықта сұранысқа ие болмауы салдарынан қалдыққа айналған, даладан жинап алуға да жарамай қалған өнімдерді кептірумен айналысуында.

Енді диқандар пияздарын нарыққа шығарумен қоса, олардың жарамайтындарын «Март» ЖШС-не жеткізіп беру арқылы, қалдықсыз әрі қосымша пайдамен жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады.  Оған қоса, шаруалардың бірігіп жұмыс жасауының арқасында кооператив құрылып, кіші  шаруа қожалықтары ірі кәсіпорынға айналады.

Айта кету керек, Ордабасы ауданындағы диқандардың негізгі бөлігі пияз өсірумен айналысады.  Осыған орай ауданда «ОҢТҮСТІК» АИО өкілдері кооператив құруға ниетті шаруалардың басын қосып, семинар-тренинг өткізді.

Өз кезегінде «Оңтүстік» АИО Басқарма басшысының орынбасары Дәулет Мамыров кооператив арқылы біріге жұмыс жасаған шаруаларға мемлекет тарапынан көптеген жеңілдіктер мен несие алудың жолдарын түсіндіріп берді. 

«Кооперативтерді қаржыландыру бізде басым бағыт ретінде қаралып отыр. Егер бірігуге ниетті шаруа қожалықтары болса, бізден кеңес алуына болады.  Сондай-ақ біздің орталық бизнес жоспар әзірлеу, құжат жинау секілді маңызды шаруаларға қол ұшын бере алады»,- деді Дәулет Мамыров.

Сондай-ақ, сөзге шыққан кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының маманы ауыл шаруашылық кооперативтерін құрудың негізгі артықшылықтарына тоқталып, ой бөлісті.

 




Яндекс.Метрика