Өңірлер

Астанада Жамбыл облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Астана аймағында азық-түлік белдеуін құру және Жамбыл облысы мен Астана арасында өңіраралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында елордада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жамбыл21 Сәуір , 10:59

2017 жылдың 22-23 сәуір күндері Елорданың «Алатау» спорт кешені аумағында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді.

Екі күндік ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде жалпы құны 156,0 млн. теңгені құрайтын 201,0 тоннадан астам ауыл шаруашылығы тауарлары ұсынылатын болады.

Оның ішінде,  15 тонна жылқы еті, 7 тонна тауық еті, 11 тонна шұжық өнімдері, 21,2 тонна сүт өнімдері, 5 мың дана жұмыртқа, 5 тонна қарақұмық, 5 тонна күріш, 1,5 тонна кондитерлік өнімдер мен 6 тонна макарон өнімдері, 5,5 тонна өсімдік майы, 5 тонна қант, 0,5 тонна тұз, 7 тонна балық, 2,5 тонна бал, 2 тонна кептірілген жеміс және 103,5 тонна жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері бар

Бас қалаға ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу мақсатында 11 рефрижератор және сатушы азаматтарға арналған 2 автобус транспорттарымен қамтамасыз етілген. Жәрмеңкеде ұсынылатын тауар бағалары нарық бағасынан 8-20 пайызға төмен болады.

Сондай-ақ,  өңірдің   өнерпаздары астаналықтарға концерттік бағдарламаларын ұсынады.




Яндекс.Метрика