Инвестициялар

Алматы мен Сингапур инвестиция тарту саласында тәжірибе алмасты

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Сингапур Респуликасының сауда индустрия және ұлттық дамудың мемлекеттік министрі Ко По Кун және Сингапур Республикасының денсаулық сақтау, коммуникация және ақпарат жөніндегі мемлекеттік министрі Чи Хун Тат бастаған сингапурлық делгеациясымен кездесті.
Алматы қаласы21 Сәуір , 10:36

Алматы әкімдігі хабарлағандай,  кездесу барысында Бауыржан Байбек Алматыны Сингапурдың инвестиция тарту, қаржы қызметі секторы мен туристік кластерді дамыту тәжірибесі қызықтыратынын атап өтті. Сонымен қатар,  сингапурлық делегацияға Алатау ауданындағы Индустриалды аймақ пен «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА-тың әлеуеттері көрсетілді және «Алматы-2020» қаланы дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда, соның ішінде «smart city» бағыты бойынша ынтымақтастық мәселелері сөз болды.

Өз кезегінде,  Сингапур Респуликасының сауда индустрия және ұлттық дамудың мемлекеттік министрі Ко По Кун таяу арада біріккен жобалардың пайда болатындығына сенім білдірді.

«Қазақстан бізді қатты қызықтырады. Ұлы Жібек жолы бойына орналасқан ерекше ел Орталық Азия мен ЕАЭО-қа енудің қақпасы болып табылады. Біз Алматы сынды ару қалаға арнайы келдік, ынтымақтастықтық барысындағы ауқымды жоспарларымызды жүзеге асыруда қаланың қаншалықты рөл атқаратынын білетін боламыз. Мен Сингапур мен Қазақстан бизнесмендері түрі салалар бойынша бірқатар нақтылы жобаларды жүзеге асыратынына сенімдімін», - деді Сингапурдың сауда және индустрия министрі.

Естеріңізе сала кеттейік, бүгін қалада «Алматы-Сингапур» бизнес форумы өтіп, оның жұмысына Сингапур Респуликасының сауда индустрия және ұлттық дамудың мемлекеттік министрі Ко По Кун, Сингапур Республикасының денсаулық сақтау, коммуникация және ақпарат жөніндегі мемлекеттік министрі Чи Хун Тат, Сингапурдың экономикалық даму кеңесінің басшысы Льюнг Фиона, ірі сингапурлық компаниялар басшылары мен бизнес өкілдері қатысты.




Яндекс.Метрика