Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Қарағанды - Жезқазған автожолын жөндеуге 2 миллиард теңге бөлінеді

Қарағанды облысында Қарағанды-Жезқазған автожолының бүлінген бөлігі жөнделеді. Республикалық бюджеттен 2 миллиард теңге бөлінеді. Бұл туралы облыс әкімі Ерлан Қошанов Жезқазғанда өткен көшпелі кеңесте мәлім етті.
Қарағанды21 Сәуір , 10:17

«Қарағанды-Жезқазған» тас жолын жөндеу мәселесін шештік. Инвестициялар және даму министрлігімен бірлесіп үлкен жұмыс атқарылды. Жолды жөндеу үшін республикалық бюджеттен қаржы табылды. Жалпы кома 2 миллиард теңгені құрайды. Шамамен 200 км проблемалық учаске жөнделеді», - деді Ерлан Қошанов.

Бірінші транш - бір миллиард теңге алынды. Екінші бөлігі мамыр айында болады деп күтілуде. 

«Қазақавтожол» кәсіпорнының хабарлауынша, жөндеу жұмыстары екі кезеңмен жүргізіледі. Жаңартылған тасжол қазан айына қарай пайдалануға берілмек.




Яндекс.Метрика