Энергетика

«ҚазМұнайГаз» желісі АИ-92 маркалы бензинінің бағасын төмендетеді

«ҚазМұнайГаз» ЖМҚС-да АИ-92 маркалы бензинінің бөлшек сауда бағасын литріне 142 теңгеге дейін төмендететіледі, деп хабарлады «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС.
Казахстан21 Сәуір , 09:56

Аталған бағаны төмендету бірнеше өзара байланысты факторлармен негізделген. Теңгенiң долларға қатысты бағамы күшеюінің жалғасып отырған үрдісі Ресей Федерациясынан әкелген отын импортының арзандауына ықпал етті. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасындағы АИ-92 қорының деңгейі нарықта көтерме бағаның тұрақтануына мүмкіндік берді.

Жоғарыда аталған факторлардың барлығы «ҚазМұнайГаз» ЖМҚС желісінде бөлшек сауда бағасын төмендету үшін мүміндік жасады.

Сонымен бірге, РФ импорты және ҚР нарығында көтерме бағаны, қорлар серпінін, тұтыну мен өндіру көлемін өзгерту алдағы уақытта бөлшек сауда бағасының өзгеруіне, оның ішінде жеке мұнай өнімдерінің түрлеріне қатысты арттыру жағына әсер етуі мүмкін.

 

 




Яндекс.Метрика