Халықаралық интеграция

ҰҚКҰ мүшелері ұжымдық авиациялық қолданыс мәселелерін талқылады (ФОТО)

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штаб бастығы генерал-лейтенант Мұрат Майкеевтің басшылығындағы Әскери делегация ҰҚКҰ Әскери комитетінің отырысына қатысты.
Әлемде 21 Сәуір, 09:24

Қорғаныс министрлігі хабарлағандай, отырысқа Қазақстан, Армения, Белоруссия, Ресей, Тәжікстан Қарулы Күштері Бас штаб бастықтары, Қырғызстан Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары, сонымен қатар ҰҚКҰ бірлескен штабының бастығы қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар ұжымдық қауіпсіздік аймақтарындағы заманауи және әскери қауіп қатерлерге  қарсы тұру, әскери кадрларды бірлесе отырып дайындау жүйелерін жетілдіру мәселелерін, сонымен қатар, ұйымның әуеге қарсы және ракеталы соққыға қарсы қорғанысы, ҰҚКҰ ұжымдық авиациялық  қолданысы  тақырыптарын талқылады.

Сондай-ақ, ҰҚКҰ министрлер Кеңесі жанынан байланыс, материалды-техникалық қамтамасыз ету және басқа да ҰҚКҰ шеңберіндегі өзара іс-қимылдарды ұйымдастыру мәселелері бойынша көмекші қызмет органдарын құру жоспарлануда.





Яндекс.Метрика