Жаңа бағыттың экономикалық саясаты

Қазақстан баламалы энергетикаға өтуде дәлме-дәл ілгері шаралар жасауда – халықаралық талдау

Қазақстан баламалы энергия көздеріне өтуде ТМД елдері арасында алғаш болып стратегиялық шешім қабылдады. Бұл жайында «Дағдарыс алдындағы әлем» қоры» ресейлік зерттеу институтының директоры Екатерина Шипова Ялтада өткен IV Халықаралық инвестициялық форумда мәлімдеді.
Әлемде17 Шілде , 00:00

«Болашақ – 2050: Әлемнің жаңа саяси-экономикалық картасы» деп аталатын халықаралық сарапшылардың талдауын таныстырған Шипова бүгінгі әлемнің бірте-бірте көмірсутек импортынан бас тартып жатқандығын айтты. Бұл ретте табиғи байлықтарға деген күрестің арта түсуі де бұл процесті жылдамдата түсуде.

Оның айтуынша, сарапшылар қоғамдастығы баламалы энергия көздері мен сутектік энергияны қолдануға оң көзбен қарайды. «Көмірсутек экспортына тәуелді елдер үшін мұның ақыры ауыр болуы мүмкін» дейді қор директоры.

«Өкінішке қарай, посткеңестік елдердің сарапшылары бұл трендке мән бермей отыр. Біз егер «жасыл экономикаға» қарай жүретін болсақ, онда бұл жайттың өзгеріссіз қалатына сенеміз» дейді Шипова.

«Посткеңестік мұнайлы елдер ішінде Қазақстан жақсы үлгі бола алады. Өйткені бұл ел баламалы энергия көздерін дамытуды мемлекеттің басымдығы етті және баламалы энергия көздеріне өтуге үлкен жоспарлар жасады. 2050 жылға дейін ішкі тұтынымның тең жартысы баламалы көздерге өтеді. Ал, ТМД-ның өзге елдері әзірге бұған назар аударып отырған жоқ» деп абарлады Е.Шипова.




Яндекс.Метрика