Халықаралық интеграция

Астана – Душанбе тікелей әуе рейсін ашу жоспарлануда

Қазақстанның Тәжікстандағы елшісі Нұрлан Сейтімов Тәжікстан Республикасының көлік министрі Худоёр Худоёрзодамен кездесті.
Астана қаласы21 Сәуір , 08:47

ҚР СІМ мәліметі бойынша, кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Тәжікстанның көлік саласындағы екіжақты өзара іс-қимылы жөніндегі өзекті мәселелерді, сондай-ақ «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі қарсаңында Астана – Душанбе бағдары бойынша тікелей әуе қатынасын ашу мүмкіндігін талқылады.

Бұдан бөлек, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Рохи охани Точикистон»  МБК («Тәжікстан темір жолы») арасындағы ынтымақтастықтың табысты дамуы атап өтілді. 




Яндекс.Метрика