Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Астана әуежайы әскери шеруге дайындыққа байланысты уақытша ұшу кестесін өзгертеді

Астанада ҚР Қарулы күштерінің құрылғанына 25 жыл толуына орай әскери шеруді өткізу және дайындау кезінде әуе кеңістігін пайдалануға қысқа мерзімге шектеу енгізіледі.
Астана қаласы20 Сәуір , 20:04

Астана халықаралық әуежайы хабарлағандай,  21, 25, 26 сәуірде жергілікті уақыт бойынша сағат 09.20 – 13.00-ге дейін; 28, 29 және 02,03,04 мамырда сағат 10.00 – 13.00-ге дейін, шеруді өткізу кезінде 07 мамыр сағат 10.00 – 13.00-ге дейін елорда әуежайы әуе кемелерін қабылдау және жіберуге жабық болады.

Астана қаласының әуе аймағына шектеу шерудің әуе бөлігіндегі жаттығулар уақытының өзгеруіне немесе жағымсыз метеожағдайларға, басқа себептерге байланысты 24, 27, 30 сәуір және 06 мамыр –  резервті күндер енгізілуі мүмкін.

Әуе кеңістігін қысқа мерзімге жабу туралы рейстер графигіне өзгертулер енгізу үшін барлық авиакомпанияларға хабарланды.

Шеруді өткізу және жаттығулар кезінде елорданың әуе аймағын бірінші жыл жауып отырған жоқ. Өткен жылдардың тәжірибесін есепке ала отырып, сәуір және мамырда іс-шараларды өткізу күндері әуе қозғалысы рейстердің ұзақ кешігуін жібермейтіндей ұйымдастырылады.

 

 

 




Яндекс.Метрика