Энергетика

Астанада жылу беру маусымы аяқталды

Астанада жылу беру маусымы аяқталды, деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.
Астана қаласы20 Сәуір , 19:52

2014 жылдың  27 маусымындағы № 249/36-V «Астана қаласында жылу беру маусымына дайындалу мен оны өткізу  тәртібі туралы» атты  Астана қаласы әкімдігінің  шешіміне сәйкес,  орташа  10 °С  және одан жоғары   температура тұрақтылығында  бес  күнтізбелік күн ішінде   Астана қаласының жергілікті  атқарушы  органы  жылу маусымын тоқтату туралы  шешім  қабылдайды.

Энергия тарататын  ұйымдар  үш жылу маусымының аяқталуы бойынша  күн ішінде  тұтынушыларды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы  ақпараттандырады.

«Бүгінгі таңда Астанада сыртқы температура тұрақтанды, сондықтан жылу маусымы да тоқтатылады», - делінген хабарламада.

Қала тұрғындарының  өтініші бойынша,  биылғы жылдың  20 сәуірінен бастап  жылу беру  жүйесі кезең-кезеңімен өшірілетін болады. 




Яндекс.Метрика