Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Қытайға жыл басынан бері қазақстандық өндірістегі 204 автомобиль экспортталды

Ішкі нарықта жыл басынан бері 2 587 дана көлік құралы сатылды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 25%-ға жоғары. Ал, 204 автокөлік Қытайдың экспорттық нарығына жіберілді, бұл отандық зауыттың тұтас өткізуінің 7% құрады, деп хабарлады «ҚазАвтоӨндіріс» Қазақстан автомобиль саласы кәсіпорындары одағының басқарма төрағасы Олег Алферов ОКҚ-дағы баспасөз конференциясында.
Астана қаласы20 Сәуір , 17:19

«Экспорттық жеткізілімдер туралы айтатын болсақ қазақстандық өндірушілердің бұл саладағы тәжірибелері қысқа  мерзімді. Алғашқы қазақстандық құрастырудағы автокөліктердің жеткізілімі 2013 жылы болды, «АЗИЯ АВТО» зауыты Ресей нарығына өз өнімдерін шығарды. Бүгінде еліміздің  ірі өндірушілерінің ішінен «АЗИЯ АВТО» компаниясы ғана экспорттық саясатын толық қанды жүзеге асыруда», – деді О. Алферов.

Осыған  қарамастан отандық автоөндірушілер Қытай нарығына шыға білді. Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша аспан асты еліне 204 автомобиль экспортталды.

Осы кезеңде Қытайға автокөлік сату 2017 жылы 3 мың данадан асатын болады.

Жалпы, жыл басынан бері отандық зауыттар ішкі нарықта 2 587 дана автокөлік сатып үлгерді.

«Жергілікті құрастырудың автомобильдерінің сараланымындағы басыңқы жайғасымын «АЗИЯ АВТО» АҚ алады – 1914 сатылған автомобиль немесе отандық техниканың жалпы өтімінің 74 %. «СарыарқаАвтоӨндіріс» ЖШС 502 бірлік тиелді немесе сараланымдағы үлесі – 19% көрсетті», – деп атап өтті О. Алферов.

Бұдан әрі отандық автоөндірушілердің өнімінің өткізу рейтингінде «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ, «АгромашХолдинг» АҚ, СемАЗ» ЖШС  және «Hyundai Trans Auto» ЖШС орналасты.

Сонымен қатар,  «ҚазАвтоӨндіріс» одағының басқарма төрағасы  Қазақстанда жақсы сатылатын көліктер туралы айтып берді.

«Жақсы сатылатын жеңіл машиналар рейтингісін ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша  Lada бастады. Үздік бестіктер қатарына Kia, Hyundai, Chevrolet пен Jac енді», – деп түйді спикер.

Ақбота Күзекбай




Яндекс.Метрика