Адами капитал

Қазақстанда «Шипажай-2017» ІІ халықаралық форумы өтуде (ФОТОРЕПОРТАЖ)

ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы ҚР Ұлттық Курорт Қауымдастығымен бірлесіп, «Бурабай» курорт аймағындағы «Оқжетпес» емдік-сауықтыру кешенінде (ЕСК) санаторий-курорттық көмекті дамыту мәселелері бойынша «Шипажай-2017» ІІ халықаралық ғылыми-практикалық форумын өткізуде. «Оқжетпес» ЕСК ашылуының 50 жылдығына арналған форум жайында Strategy2050.kz АА тілшісінің фоторепортажынан оқыңыз.
Ақмола20 Сәуір , 16:47

Форум аясында конференциялар, ғылыми семинарлар, дөңгелек үстел өтіп жатыр, олардың тақырыбы курорттық іс менеджменті, Қазақстан санаторийлерін аккредиттеу, санаторий-курорттық ұйымдарды дамыту, курортология дәстүрлерін сақтап, көбейту және курорттық іс мамандарының кәсіптік білімдерін арттыру сияқты бағыттарды қамтиды. 

Форумда Қазақстанның әр түрлі өңірлерінен, таяу және алыс шет елдерден келген ең ірі ғылыми-зерттеу институттарының, медициналық оңалту орталықтарының, санаторий-курорттық мекемелердің өкілдері сөз сөйледі.  

Форумға Германия, Чехия, Италия және Ресейден медициналық оңалту, кардиология, урология, онкология, гинекология, курортология, физиотерапия, емдік дене шынықтыру және массаж саласындағы жетекші мамандар келді.  

Сондай-ақ, Форум аясында санаторий-курорттық ұйымдар мен фармацевтика өнімін өндірушілердің көрмесі ұйымдастырылды.

«Шипажай-2017» форумы — курорттық және қалпына келтіру медицинасы саласындағы ең заманауи жетістіктермен, сондай-ақ ең жаңа сауықтыру технологияларының озық әзірлемелерімен таныстыра отырып, санаторий-курорттық емдеудің заманауи технологияларын, медициналық оңалтуды, спорттық медицинаны, курорттық бизнес индустриясын дамытуда тәжірибе алмасуға және іскерлік байланыстарды дамытуға арналған бірегей сұхбат алаңы. 

Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасы Ұлттық Курорт Қауымдастығының Президенті Саягүл Қайыргелдина Қазақстанда оңалтушы-дәрігерлермен қатар, курорттық істің маман-менеджерлері де білім алатын Курорттық іс институтын құру қажеттігі туралы пікір айтқан болатын.  

Қайрат Жандыбаев

Автордың суреті




Яндекс.Метрика