Парламент

ҚР Парламенті көлік мәселелері туралы заңға енген өзгертулерді қабылдады

ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына енген өзгертулер мақұлданды.
Астана қаласы20 Сәуір , 16:07

Заңның негізгі мақсаты - мемлекеттік бақылаудың қолданыстағы жүйесін жетілдіру арқылы судағы, автомобиль, теміржол және қаладағы рельсті көліктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

Құжатпен бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Ұлттық заңнама ережелері Кемелерден болатын ластануды болдырмау жөніндегі, теңізде адам өмірін қорғау жөніндегі халықаралық конвенциялардың және Кемелер мен порт құралдарын қорғау жөніндегі халықаралық кодекстің теңіз ортасын кемелерден болатын ластанудан қорғауды арттыруды қарастырады.

Сондай-ақ,  теңізде кемелер мен порт құралдарын қорғауды күшейту, сондай-ақ теңіздегі тасымалдаулардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы талаптарына сәйкес келтіру де назардан тыс қалмайды.

Оған қоса,  өздігінен жүрмейтін шағын көлемді кемелерді тіркеуден шығару рәсімін оңайлату арқылы шағын көлемді кемелерді есепке алу мен тіркеудің мемлекеттік жүйесін жетілдіру; көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға қалалық рельсті көлікті қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуді және ондағы қызметті бақылау функциясын бекіту қарастырылған.

Өз өнімін тасымалдау үшін кірме жолдарды пайдаланатын субъектілердің қызметін ұйымдастырудың тиімді тетігін және Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге жерлерде адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізуді ұйымдастыру үшін құқықтық негіз жасау көзделіп отыр.

 




Яндекс.Метрика