«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

Биыл Астанада 6 шақырым жолдың құрылысы аяқталады

Биыл Астанада 6 шақырым жолдың құрылысы аяқталады, деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.
Астана қаласы20 Сәуір , 18:13

Бүгінгі күні қаланың көлік жүйесі 953 көшеден тұрады, оның жалпы ұзындығы 1049 км құрайды, соның ішінде, асфальт-бетон жабыны бар жолдар - 803 км (76,5%), қатты жабынсыз - 246 км (23,5 %). Инженерлік құрылыстарға 8 жолайрық, 17 автокөлік көпірі, 4 жаяу жүргінші көпірі, 9 жол өткелі кіреді.

Кіші айналма жолдың құрылысы қала жолдарына көлік жүктемесі мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Оның жалпы ұзындығы 35,0 км құрайды, 2008 жылдан бері 22,8 км салынды, соның ішінде 14 жолайрық, көпір мен жол өткелінің 9-ы салынды.

Кіші айналма жол тәулігіне 90 мыңнан аса автокөлікті өткізуге қабілетті болады, 2021 жылы ашылған кезде ол 20 мың автокөлікке қала орталығын айналып өтуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, Автокөлік жолдары басқармасы жұмысының биылға белгіленген басымдықты бағыттарының бірі қаланың инженерлік-көлік инфрақұрылымын ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізуге дайындау, жаңа теміржол вокзалына, «Абу Даби Плаза» көпфункционалдық кешеніне және көрме қарсаңында тапсырылатын ірі нысандарға қосу.

Айта кетейік, қаланың шеткі аудандарын дамыту шеңберінде 2011-2017 жылдар аралығында 101 км жол және 275 км инженерлік желі салынды.

Күйгенжар, Қазақауыл, Пригородный, Казгородок, Қараөткел, Заречный және Промышленный тұрғын алаптарында жұмыстар аяқталды.

Үстіміздегі жылы 6 км жолдың және 32 км инженерлік желілердің (Комсомольский-2,3,4 кезек, Көктал-2, Оңтүстік-Шығыс (оң жағы), Тілендиев даңғ оңт.) құрылысы аяқталады.




Яндекс.Метрика