Парламент

Қазақстан мен Сербия арасында халықаралық автомобиль қатынасы ашылды

ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сербия Республикасының Үкіметі арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңы қабылданды. Заң жобасын сенаторлар бірауыздан қолдады.
Астана қаласы 20 Сәуір, 15:12

Келісімге 2015 жылдың 28 тамызында Астанада қол қойылған.  Келісім Қазақстан мен Сербия арасындағы халықаралық автомобиль қатынастарындағы жолаушылар мен жүктердің тасымалын, олардың аумақтары бойынша транзитті, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген елдердің аумақтарында тіркелген көлік құралдарымен үшінші елге осындай тасымалдауға жіберілген тасымалдаушыларды реттеуге бағытталған.

2016 жылы Қазақстан мен Сербия арасындағы автомобильмен жүк тасымалдау көлемі 15 пайызға ұлғайып, 5400 тоннаны құраған.

Құжат Қазақстан мен Сербия арасындағы автомобиль тасымалын жүзеге асыруға, екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға құқықтық негіз жасауға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, осыған ұқсас келісімді  Қазақстан  41 елмен орнатты.

Осыған дейін заң жобасы  ҚР Парламенті Сенатының  экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің отырысында қаралған болатын.

 





Яндекс.Метрика