Халықаралық интеграция

Астанада Қазақстан мен Кореяның техникалық ынтымақтастығының келешегі талқыланды

19-20 сәуірде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Корея Республикасымен қайтарымсыз техникалық ынтымақтастық аясында Knowledge Sharing Program (KSP) Білім алмасу жөніндегі бағдарлама бойынша семинар өткізді, деп хабарлады Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.
Астана қаласы20 Сәуір , 16:18

Іс-шара аясында Білім алмасу жөніндегі бағдарлама бойынша қорытынды есеп, жоғары буынның саяси диалог жүргізу аясындағы ынтымақтастығының басым бағыттары, сондай-ақ, 2016-2017 жылдар кезеңіндегі KSP бағдарламасы аясындағы жобалар қаралды. 

ҚР ҰЭМ Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жеке әріптестікті дамыту департаментінің директоры Нұрым Аязбаев Ұлттық экономика министрлігі тарапынан жалғасудағы белсенді ынтымақтастыққа байланысты экономиканың түрлі салаларындағы ұзақмерзімді кезеңге арналған екіжақты техникалық ынтымақтастықты жандандыра түсу мақсатында әзірленген шекті меморандумға қол қойылғанын атап өтті. 

Қазақстанда KSP бағдарламасы 2010 жылдан бастап, Корея Республикасы Стратегия және қаржы министрлігі мен KDI институтының қайтарымсыз техникалық ынтымақтастығы аясында  жүзеге асырылуда.

Өз кезегінде, Калифорния университетінің зерттеушісі Ким ЁнДук Қазақстан Республикасымен техникалық ынтымақтастықты жандандыру үшін корейлік тараптан барлық қажетті күш салынатынын атап көрсетті.

Бағдарлама Орталық Азия, Африка және Латын Америкасының 26 елінде жүзеге асырылуда және саясаттың түрлі салаларында бәрлескен зерттеулер жүргізуге бағытталған.

Қазақстанда KSP бағдарламасы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі мен Корея Республикасы Стратегия және қаржы министрлігі арасындағы консультанттар бағыттау, экономика және қаржының түрлі салаларында зерттеулер жүргізу және оқыту түріндегі қайтарымсыз техникалық ынтымақтастық аясында жүзеге асырылуда.

2017 жылы KSP бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысы және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (ҚР ДСМ) саласында екі зерттеу жобасы жүзеге асырылуда.

 KSP бағдарламасының мақсаты мемлекеттік кәсіпорындардың мүмкіндігін басқару мен әзірлеу саясатының сапасын арттыру, кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесудегі кері байланыс болып табылады.




Яндекс.Метрика