Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Тәжікстанның дүкен сөрелерінде қазақстандық азық-түлік өнімдері пайда болады

«Auchan» (Ашан) бөлшек сауда желісінің француздық операторы өз дүкен сөрелеріне қазақстандық азық-түлік өнімдерінің жеткізілуіне мүдделі. Бұл туралы ритейл басшылығымен өткен кездесу қорытындылары бойынша KAZAKH INVEST ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Мейіржан Майкенов хабарлады.
Астана қаласы20 Сәуір , 18:56

«Өткен жазда Душанбеде «Auchan» халықаралық сауда желісінің Орталық Азиядағы алғашқы гипермаркеті ашылды. Біз ритейл басшылығымен келіссөздер жүргіздік, енді олардың дүкен сөрелеріне кондитерлік тағамдар, жұмыртқа, балық майы өнімдері, ұн, майонез, күріш, тұз сияқты қазақстандық тамақ өнімдері жеткізілетін болады», – деп атап өтті М. Майкенов.

«Auchan» өкілдерін жоғарыда аталған өнімдермен қатар, «Балық өнеркәсібі» ЖШС компаниясының Орталық Азия аумағында жоқ өнімдері қызықтырды.

«KAZAKH INVEST» қолдауымен біз «Auchan» менеджерлерін өз өнімімізбен таныстырдық. Қазіргі уақытта біз өзара тиімді шарттар бойынша желі үшін тікелей келісімшарттар әзірлеп жатырмыз», – деп атап «Балық өнеркәсібі» ЖШС директорының орынбасары Серік Темірханов келіссөз қорытындылары бойынша.

Caspian Beverage Holding компаниясы үшін бұл Тәжікстан нарығымен алғаш танысу.

«Жеткізуді қоса алғандағы біздің бағаға қарағанда, мұндағы жергілікті және импорттық ұқсас өнім бағалары жоғары екені таң қалдырды», – деді «Caspian Beverage Holding» АҚ өнімнің өңірлік экспорты жөніндегі директоры Роман Пасичниченко.

Еске сала кетейік, жақында Душанбеде фармацевтика, машина жасау, құрылыс, тамақ өнімі салаларындағы отандық өндірушілердің қатысуымен «Қазақстан – Тәжікстан» сауда миссиясы басталады. Форумға қатысуға тәжікстандық тараптан қазақстандық өнімді сатып алуға мүдделі 120-ға жуық компания өтінім берген.  




Яндекс.Метрика