Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі

Қазақстанда Ұлттық орман отырғызу күні өтеді

Қазақстанда Экология жылы қарсаңында «Тұрақты даму» жер қорының бастамасымен Ұлттық орман отырғызу күні өтеді.
Казахстан20 Сәуір , 14:32

Қордың ақпараты бойынша, еліміздің барлық қалаларында және облыс аудандарында  гүлзарлар  мен саябақтар пайда болып,  ағаш көшеттері отырғызылады.

Қазақстанда Ұлттық орман отырғызу күнін атап өту барысында елімізде 1 млн-нан астам ірі ағаштар мен майда талдардың көшеттерін отырғызу жоспарланған.

Игі шараға жергілікті тұрғындар, мемлекеттік биліктің өкілдері,  жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, орман шаруашылығы, экология, көлік, қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен студенттер, оқушылар, кадеттер  сынды мыңнан астам адам қатысады.

Игі шара 2017 жылдың 22 сәуірі мен 22 мамыр аралығында өтеді деп болжануда. 




Яндекс.Метрика