EXPO-2017

Энергетика Министрлігі Қазақстанның ұлттық павильонын дайындап жатыр

ЭКСПО кеңсесінде «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қанат Бозымбаевпен жиналыс өткізді. Екі тарап ЭКСПО-2017 көрмесіндегі еліміздің ұлттық павильонындағы дайындық жұмыстары жайлы талқылады, деп хабарлады Ұлттық компанияның баспасөз қызметі.
Астана қаласы20 Сәуір , 10:52

«Қазақстан» павильоны басты екі аймаққа бөлінген, олар -  Қазақстанмен танысу және «Жасампаз энергия» аймақтары.

Павильонның бірінші бөлігінде еліміздің ландшафты, мәдениеті, тарихы, болашақта қолға алынатын жобалары көрсетіледі. «Жасампаз энергия» аймағында Көрмеге сай тақырыпты қамтитын отандық ғалымдардың ең үздік жобалары көрсетіледі. Сондай-ақ, Елбасының энергетика саласындағы және қоршаған ортаны қорғау тақырыбындағы бастамалары да қамтылады. Одан өзге, ұлттық павильонымыздың орталық бөлігінде еліміздің өңірлерінде жүзеге асқан және қолға алынған «Жасыл экономика» мен «Тоқамақ термоядролық материалтану реакторы» жобалары да таныстырылдады.

Тоқамактың ITER деңгейіндегі энергияға қосылған материалдарды сынақтан өткізуге және зерттеуге арналған термоядролық қондырғы екенін, сондай-ақ болашақ энергиялық термоядролық реакторлар жобасы екенін естеріңізге сала кетейік. 




Яндекс.Метрика