Адами капитал

Алматыда қала жастарын қолдаудың Жол картасы таныстырылды

Алматыда қала әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі Кеңестің жиыны өтті. Шара барысында «Жастарды қолдаудың Алматы 2020 Жол картасы» жобасының тұсаукесері болды, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Алматы қаласы20 Сәуір , 09:56

Жобаның тұсаукесері барысында Алматы қаласы Жастар саясаты жөніндегі басқарма басшысының міндетін атқарушы Шыңғыс Бескемпіров жастардың рухани көзқарастарына әлеуметтік бейімделу механизмдеріне қол жеткізудің қиындығы, табыс деңгейінің төмендігі, дәстүрлі емес діни ағымдардың, түрлі қылмыстық процесстердің кері әсер  ететінін айтты.

«Бұл Бағдарламада біз негізгі 5 мәселені нақтыладық. Мысалы, білім беру саласы бойынша жоғары оқу орындарының рейтінгіне жемқорлыққа қалай қарайтындығын енгізу жоспарланған, тегін білім беру бағдарламасы бойынша 2-3 жыл ішінде 2,5 мың адамның білім алуы қарастырылған. Жастар практикасының квотасын арттыру жоспарланған және 6 мыңнан астам адам кәсіби даярлықтан өтеді», - деді Шыңғыс Бескемпіров.

Ол бағдарламада бұқаралық спортты дамытуға да лайықты орын берілгендігін, соның арқасында ірі спорттық шаралардың өтетіндігін, спорт алаңдарының абаттандырылатынын,жеңіл атлетикалық және веложолдардың көбейетіндігін, спорт залдарының, Workоut-алаңдарының жаңартылатынын айтты.

Жол картасы жастар саясатын жүзеге асырудың инфрақұрылымын едәуір нығайтады.

Лофт-орталықтан өзге тағы да қосымша жастардың 4 бейімделу орталықтарын, мансап орталығын ашу жоспарланған, бұлардың барлығы жастарды жұмысқа орналастыруды үйлестірудің құрылымдары болып табылады.

Сырттан келген және өз бетінше іс атқаратын жастарды қамтитын да блок қарастырылған.

Егер Жол картасы қабылданса, онда жоғарыда көрсетілген міндеттерді орындау үшін 2- 6 млрд. теңге аралығында қаржы бөлінеді. Алайда, қаржы мөлшері жыл сайын нақтыланатын болады.

Бүгінгі күні Алматыда  14- 35 аралығындағы  жастардың саны 800 мың адамды немесе мегаполис тұрғындарының 45%-ын құрайды. 




Яндекс.Метрика