Басқару

Ф.Қуанганов: Рухани жаңғырудың жаңа тұғырнамасы – Қазақстанды табысқа жетелейді

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бастар жол» бағдарламалық мақаласы қоғамда үлкен қызығушылыққа ие болды. Рухани жаңғырудың жаңа тұғырнамасы – Қазақстанды табысқа жетелейді, деді Strategy2050.kz АА берген сұхбатында «Нұр Отан» партиясының хатшысы Фархад Қуанғанов.
Астана қаласы20 Сәуір , 09:34

Ф.Қуанғановтың айтуынша, әлеуметтік желілер мен жаңалық таспаларындағы қазақстандықтардың қолдауы –  Президенттің бастамасымен жүзеге асқан түбегейлі өзгерістің қажеттілігі мен қазіргі заманның бейнесі.

«Өз мақаласында Мемлекет басшысы «біздің көз алдымызда әлем  жаңа тарихи кезеңді бастап жатыр. Алдыңғы қатарда топ жару үшін қалыптасқан пікір мен көзқарасты жою керек. Бүгінде әлемнің барлық мемлекеттерінің басына түскен күрделі  кезеңде  үкімет  жаңа  шешім қабылдауы керек, бастысы қоғам рухани жаңғыруға дайын болуы керек.  Әлемдегі оқиғалар көрсеткендей, барлық ел замануи  сынақтарға душар болмайды», - деді Ф.Қуанғанов.

Ол айтып өткендей, Ұлт көшбасшысы   ұлттық  сананы  өзгерту  Қазақстанның табысты  және болашақта  ұлттық көшбасшылығын  арттыратын   рухани жаңғыруды ұсынып отыр.

 «Рухани жаңғырудың басты мақсаты – ұлттық бірлігін сақтау,  бірлікті  нығайту, бәсекелестікті арттыру мен  жалпы қоғам мен әрбір азаматтың жұмылдыруын қамтамасыз етеді. Қоғамдағы  бірлік пен рухани құндылықтардың  негізі «Жеті ата», «Тегі», ата-бабаны құрметтеу, «Тіл» - тіл мен мәдениет, «Ел» - мемлекет, ұлт», - деді Ф.Қуанғанов.

«Елбасының сөздері  ұлттық сананың ең терең мәселелерін қозғады. Елбасының  рухани жаңғыруы әрбір қазақстандыққа табысқа жету мен  үшінші жаңғыруда бекітілген тапсырмаларды  жүзеге асыруға өз септігін тигізетініне сенімдімін», - деді Ф.Қуанғанов.

Қайрат Жандыбаев




Яндекс.Метрика