Басқару

Қазақстанда Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссия құрылды

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссия туралы» жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
Астана қаласы19 Сәуір , 19:03

Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру, елдің одан әрі қарышты мәдени-гуманитарлық дамуын қамтамасыз ету мақсатында және Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссия құрылсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.




Яндекс.Метрика