EXPO-2017

Корея ЭКСПО-2017 көрмесіндегі павильонының контенттік мазмұнымен таныстырды

Астанада «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов және Корейлік сауда және инвестицияларға жәрдемдесу агенттігінің (KOTRA) Президенті Ким Джехонмен кездесуі өтті, деп ұлттық компаниядан хабарлады.
Астана қаласы 20 Сәуір, 09:15

А.Есімов хабарлағандай, Корея Республикасы Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесіне өз павильонын ұйымдастыру мен контенттік толтыруға белсенді қатысуда.

Корейлік павильон 1125 ш.м. аумақты алып, Израиль, Сингапур және Океания плазамен көршілес орналасқан.

«Корея елімен қарым-қатынасымыз жақсы дамыған, біз бұл халықтың әдемі дәстүрі және мәдениетімен таныспыз. Сіз жаңғыртылатын энергия көздері саласындағы өзіңіздің озық технологияларыңызды көрсететініңізге сенеміз», - деді ұлттық компанияның Басқарма төрағасы.  

Кездесу барысында кореялық тарап өз павильонының контенттік толтырылуымен таныстырды.

«Сізбен кездесуден бұрын біз ЭКСПО нысандарын және корейлік павильонды қарап шықтық. Ұйымдастырушының қолдауы арқасында корейлік павильонның безендірілуі уақыт кестесіне сай өтіп жатыр. Қазір экспозицияның 50 пайызы дерлік дайын, бұл жұмыстарды мамырда аяқтауды жоспарлап отырмыз. Биыл дипломатиялық қарым- қатынастарымыздың 25 жылдығы аталуда, сондықтан біздің экспозиция Қазақстан мен Корея арасында орнаған достық қарым-қатынасты білдіреді», - деп хабарлады Ким Джехон.

Корейлік павильон 11 маусымда ашылып, ал шілденің 18 мен 22 аралығында елдің үздік әртістерінің қатысуымен мәдени шараларға толы корейлік апталығы өтеді. Корея өкілдерінің жасаған тұсаукесеріне сай, ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу кезінде 400-ге жуық шара өткізу жоспарланған. 

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдың 10 маусымынан 10 қыркүйегіне дейін Астана қаласында 5 миллион келушілері күтілетін Халықаралық мамандандырылған көрме өтеді. 





Яндекс.Метрика