ҚР Президентінің Жолдауы

Алматыда МЖӘ аясында денсаулық сақтау нысандарын сенімгерлікпен басқару мәселесі талқыланды

Алматыда ҚР ҰЭМ «Қазақстандық жекеменшік-әріптестік орталығы» АҚ жапондық, оңтүстік кореялық медициналық операторлармен бірлесіп «дөңгелек үстел» өткізді. Келелі отырыста денсаулық сақтау саласында сенімгерлік басқару үлгісі бойынша МЖӘ жобаларын жүзеге асыру мүмкіндіктірі мен ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Алматы қаласы 19 Сәуір, 19:48

«Қазақстандық жекеменшік-әріптестік орталығы» АҚ  хабарлағандай, тәжірибе көрсетіп отырғандай бүгінде қазақстандықтар Еуропа мен Орта Азия елдерінде диагностикадан өтіп, емделгенді жөн көреді.  Осы ретте, мемлекеттік ауруханаларды осы елдердің мамандарына сенімгерлік басқаруға беру ұсынысының болашағы зор.

«Біз ұзақ уақыт бойы мемлекеттік аурухана мен бизнестің арасындағы серіктестікті насихаттауға тырыстық. Біздің пайымымызша сенімгерлік басқару үлгісі  - бұл жұмыстың ең тиімді үлгісі», - деді «Қазақстандық жекеменшік-әріптестік орталығы»АҚ  Басқарма төрағасының орынбасары Ғалымбек Мамыраев.

Қатысушылардың барлығы бұл әріптестік түрінің бірқатар негізгі  тұстарын атап өтті.  Егер шетелдік компания МЖӘ аясында аурухананы сенімгерлік басқаруға алатын болса онда ол аурухананы заманауи медицинаның талаптарына сәйкес барлық қажетті жаңа құрал жабдықтармен қамтамасыз етуге және өз ыңғайына қарай қайта құруға құқылы.

«Біз барлық мелекеттік нысандарды жекеменшікке өткізуді көздеп отырған жоқпыз. Біріншіден, сенімгерлік басқаруға берілетін аураханаларды іріктеп алатын өлшемдерді бекіту керек.  Ол басқару процесін шешу керек ауруханалар болуы мүмкін немесе үлкен сұранысқа ие нысанарда берілуі мүмкін. Осы ретте қазақтандық компаниялар мекеменің медициналық қызметін ретке келтіре алмай отқанын айтпай кетуге болмайды. Сондықтанда біз шетелдік компанияларды шақырып отырмыз. Олар кәсіби деңгейге отандық медициналық мекемелердің менеджментін  көтере алады», - деді Орталықтың фронт-кеңсесінің вице президенті  Ерлан  Жақын.

Сонымен қатар ол атап өткендей, Қазақстанға шетелдік инвесторлар бос жұмыс орнын иемденуге емес, жергілікті дәрігерлермен тәжірибе бөлісуге келеді. Нәтижесінде бірлескен әрекетіміздің арқасында жергілікті халық сапалы қызметке ие болады. 





Яндекс.Метрика