Жаңа бағыттың экономикалық саясаты

Қазақстанның әскерилері Астанада өтетін парадқа дайындалып жатыр (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Астанада 7 мамыр күні Қазақстан Республикасы ҚК құрылғанына 25 жыл толуына орай, әскери парад өтеді. Шеруге қатысатын әскери қызметкерлер мен арнайы техниканың саны бойынша бұл парад бұрын соңды болмаған болып есептеледі. Әскерилердің парадқа дайындығы барысы туралы Strategy2050.kz. АА тілшісі дайындаған фоторепортаждан оқи аласыздар.
Астана қаласы19 Сәуір , 16:48

Парадқа қатысушылардың жаттығулары күн сайын өткізіледі.

Сондай-ақ, әскери техниканы жоспарлы тексеру және техникалық қызмет көрсету жүріп жатыр. Еліміздің әртүрлі өңірінен келген әскери қызметшілер палаткалы қалашықта тұрып жатыр. Әскери техника ұрыс машиналарының арнайы далалық паркінде орналастырылды.


 

Сондай-ақ, әскери техникаға қызмет көрсету бойынша  жоспарлық  тексерістер жүруде.  Әскери техника  әскери көліктерге арналған  арнайы алқапта орналастырылған. 

Далалық лагерьде жеке құрамға арналған барлық қажетті жағдай жасалған. Атап айтқанда, тұруға арналған палаткалар, медициналық пункттер, тамақтану пункттері және далалық монша. Далалық қалашықтың аумағында бос уақытты ұйымдастыру үшін жылжымалы ақпараттық кешен өрістетілді. 

Шараға  300 әскери техника бірлігі  жұмылдырылады. Қазақстандық авиацияның  қуаты мен әскерге дайындығын  80 әуе техникасының бірлігі  таныстырады.

Оған қоса, қазақстандықтар   2016 және 2017 жылдары  әкелінген  әскери техника мен қару түрлерін тамашай алады.

Тартылатын жеке құрам мен әскери техниканың рекордтық санынан басқа, алдағы өтетін парадтың ерекшеліктерінің бірі алаңда әскери-техникалық мектептердің автомобильді техникасында жүріп өтетін Қазақстан Қарулы Күштері ардагерлерінің, «Жас ұлан» төрт әскери мектеп пен әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері және Қорғаныс министрлігі әскери-техникалық мектептерінің оқушылары, сондай-ақ, аумақтық қорғаныс бригадалары құрама ротасының қатысуы болып табылады.
 

Қайрат Жандыбаев 

Фото : автор




Яндекс.Метрика