Басқару

Елбасының мақаласы – атқарылатын істердің бағдары

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақа­ласы болашақтың айқын жолына бағытталған. Мақалада айтылған идеялар тұрғысында біздің атқа­ратын және атқарып келе жатқан жұмыс жетерлік, деді Алматы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Тұратбек Шарапиев.
Астана қаласы19 Сәуір , 18:02

«Оның бірі төл өнеріміз - ұлт­тық спорт­тық ойындар. Бұған дейін де бұл сала  өз бағы­тымен жүріп келеді десек, Елбасының көр­сеткен бағдарынан кейін өзі­нің өмір­шең­дігін айқындап, қо­ғам­да ауқы­мы кеңи түсетіні анық. Ал «Туған жер», «Туған жерге туыңды тік» деген міндеттері әр азаматтың бой­тұмары болу керек деп есептей­мін. Қазақ­станның әрбір азам­аты­ның кіндігі ауылмен байланысты», - деді ол.

 Тұратбек Шарапиев айтып өткендей, осы ретте туған жерге деген ерекше көзқарас таны­тып, үнемі байланысты үзбеу керектігін ай­тып отыр. «Туған ауыл, өскен жеріңе жасаған жақсылығың туған Отаныңа істеген игі ісің екені анық. Осы арқылы біздер пат­рио­тизмді қалыптас­тырып, елдің дамуына өз үле­сімізді қоса ала­мыз. Бұл тұрғыда облы­сымызда ауыз толтырып айтатын істер атқарылды».

«Мысалы, әркез жүрегі ел деп соққан, жаны жо­март жанның бірі Бауыржан Ос­па­нов Жыланды, Лепсі ауылында спорт интер­натын ашып, жастардың шың­далып шы­ғуына жағдай жасап отырса, Сар­қан қала­сында Е. Қожасбаевтар спорттық мектепті жөндеуден өткізіп, жас чем­пион­дарға мүм­кіндік туғызуда. Үнемі ауылмен байланыс жасап, қолдауын үзбе­ген аза­маттар әлі де талай істі атқаратыны сөзсіз. Міне, Елбасы осындай азаматтарды елге насиха­ттап, болашақта қатарын көбей­туді және осын­дай ұлық істі атқа­руға сіздің де, менің де атсал­ысуымызды меңзеп отыр. Бұл біздің басты міндетіміз бен пары­зымыз болу керек. Ұлттық сананы жаңғырту арқылы ұлтқа қызмет етеміз», - деді ол.

 




Яндекс.Метрика