Өңірлер

Жамбыл облысында мемлекеттік бюджеттің салық және кеден төлемі 119,6 пайызға орындалды

Жамбыл облысында мемлекеттік бюджеттің салықтар мен кеден төлемдері 119,6 пайызға орындалды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жамбыл19 Сәуір , 20:17

«2017 жылдың І тоқсанының жағдайы бойынша Мемлекеттік бюджеттің салықтар мен кеден төлемдерінің орындалуы 119,6 пайызды құрады. Болжам – 14192,9 млн. теңге болса, нақты түсім 16978,8 млн. теңге, немесе 2785,9 млн. теңгеге артық түсті», - делінген хабарламада.

Өткен жылмен салыстырғанда түсім 9,7 млн.теңгеге артқан, өсу қарқыны - 100,1 пайыз.

Республикалық бюджеттің орындалуы 111,8 пайыз немесе 630,2 млн. теңгеге артқан, болжам – 5360,9 млн.тенге, нақты түскені – 5991,1 млн. тенге, өткен жылмен салыстырғанда 1732,3 млн.теңгеге кем түсті, өсу қарқыны - 77,6 пайызды құрады.

Аудандық бюджет бойынша болжамның орындалуы 119,1 пайызды құрады немесе түсім 905,9 млн. теңгеге артқан, яғни болжам 4733,7 млн. теңге болса, нақты түсім 5639,5 млн. теңге, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен салыстырғанда 1206,9 млн. теңгеге артық, өсу қарқыны 127,2 пайызды құрады.  

Облыстық бюджет бойынша болжамның орындалуы 130,5 пайызды құрады немесе түсім 1249,8 млн. теңгеге артқан, яғни болжам 4098,4 млн. теңге болса, нақты түсім 5348,1 млн. теңге, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен салыстырғанда 535,2 млн. теңгеге артық, өсу қарқыны 111,1 пайызды құрады.




Яндекс.Метрика