Басқару

Ұлттық сананы жаңғыртуда БАҚ өкілдеріне басымдылық берілген – Д.Қауысова

Ұлттық сананы жаңғыртуда бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне басымдылық берілген, деді «Ләззәт» ӘКК технологы Динагүл Қауысова.
Алматы19 Сәуір , 19:02

«Президенттің бағдарламалық мақаласы маған өте жақын және түсінікті. Мақалада біздің қоғамдық сананы жаңғырту жан-жақты көрсетілген. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық біртұтастықтылықты сақтап қалуды кеңірек атап көрсеткен. Менің ойымша барша қазақстандықтар мәдени географиялық белдеуді дамыту бойынша білім беруді бастайтын уақыт келді дегенмен келіседі деп ойлаймын», - деп атап өтті ол.

Оның айтуынша, ұлт көшбасшысы бұл маңызды істе БАҚ басымдылық берді. Олар арнайы ақпараттық жобаларды белсенді жүзеге асыруы керек.

«Қазақстанның бай ұлттық құндылығын насихаттайтын сыртқы және ішкі мәдени туризмді дамытуға дең қойылады», - деді Д.Қауысова.

Оның есептеуінше, Қазақстанды күллі әлем сыртқы саяси бастамалары мен мұнай қоры бойынша емес, сонымен қатар мәдени жетістіктерінен де тану керек.

«Президент айтқандай онсыз жаһандық шығармашылық интеграция мүмкін емес. Аталмыш интеграцияны біз өзіміздің жетістіктерімізді көрсете отырып құра аламыз. Ал, қазақстандықтардың жетістігі жетерлік. Біздің талантты өнерпаздарымыз өз қолдарымен мүсін жасап, сурет салады, музыкалық шығармаларды орындап, кино түсіреді. Және олар біздің мәдениетіміздің айнасы болып табылады. Олар баршамыздың мақтанышы», - деп түйді технолог.




Яндекс.Метрика