Ұлт жоспары 100 нақты қадам

«Жоғары технологиялар күндері»: СҚО-да кардиологиялық оталар жасалды

Солтүстік Қазақстан облысындағы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Жоғары технологиялар күндері» атты республикалық акция аясында «Жоғары мамандандырылған медициналық көмек» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Солтүстік Қазақстан19 Сәуір , 18:48

Баспасөз конференция барысында елордалық мамандар жергілікті жерлерге жоғары білікті мамандарды бекіту, бірінші кезекте,білім мен машықтарды тұрақты жетілдіруге мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Осыған байланысты біздің сапарымыздың негізгі мақсаты – операциялар жасауда тәжірибе алмасу және ғылыми орталыққа пациенттерді іріктеу», деп мәлімдеді Серік Бағыбаев.

Сондай-ақ,кардиохирургияның маңызды бағыттарының бірі - жүрек соғуының бұзылуын емдеу және диагностиканың жаңа әдістерін қолданатын интервенциялық аритмология туралы баяндалды. Бүгінгі күні Қазақстандағы аритмологияның жетістіктері кенеттен болатын жүрек ауруынан болатын өлім-жітіммен күресудің тиімді әдісі – заманауи кардиоветер-дефибриллятор және ресинхронизациялау құрылғыларын қолдану болып табылады.  

Акция аясында өңірдегі кардиохирургиялық орталықтың базасында Астана қаласынан келген дәрігерлер консультациялар, электрокардиостимулятор имплантациясы бойынша шеберлік сыныптарын және екі операция өткізді.

Ағымдағы жылғы 17 сәуірден бастап «Жоғары технологиялар күндері» республикалық акциясы барысында 7 өңірде республикалық медициналық ұйымдардың жоғары білікті мамандарының қатысуымен шеберлік сыныптары, операциялар, консультациялар, дәрістер өткізілетінін естеріңізге саламыз. Акция 31 мамырға дейін жалғасады.

Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығы 2011 жылы Астана қаласында ашылған болатын. Жұмыс атқарған 6 жылдың ішінде халықтың денсаулығын нығайту бойынша үлкен жұмыс атқарылды, атап айтқанда ашық жүрекке 10 мыңнан аса операция, жүрек қан тамырларына 20 мың операция, жүрек трансплантациясы бойынша 50 операция жасалды.

 




Яндекс.Метрика