Басқару

Қ.Қасымов ҚР Президентіне полиция қызметін реформалау туралы баяндады

Елбасы Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Астана қаласы19 Сәуір , 15:06

Кездесу барысында Қазақстан Президентіне Сыртқы істер министрі қылмыстық ахуал және жергілікті полиция қызметін одан әрі реформалау аясында қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндады, сондай-ақ түзету мекемелерінің жағдайы мен Ұлттық ұланның жұмысы туралы мәлімдеді.

Бұдан бөлек, Қ.Қасымов су тасқынына байланысты ахуал және Астана мен республика облыстарында төтенше жағдайдың алдын алу бағытында атқарылып жатқан іс-шаралар жайлы хабардар етті.

Нұрсұлтан Назарбаев елдегі қылмыспен күресті күшейту және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдау қажеттігіне назар аударды.

Сондай-ақ, Елбасы су тасқынынан зардап шеккен барлық өңірлердің жағдайы мен тіршілігін қалпына келтіру үшін кешенді іс-қимылдарды жүзеге асыруды тапсырды.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

 




Яндекс.Метрика