Басқару

Рухани құндылықтар экономикалық реформаға серпін береді

Адамның рухани құндылықтары қалыптаспайынша, елімізде орын алып жатқан экономикалық реформаларды іске асыру мүмкін емес, деп санайды «Агрофирма САЗ» ЖШС директоры Бөкен Тікелдиев.
Алматы19 Сәуір , 17:13

«Елбасы өз мақаласында барлық қоғамды және әрбір қазақстандықты рухани жағынан жетілдіру қажеттігі туралы айтады. Бар ой-санамызбен ұғынбасақ, қойылған мақсаттарға жете алмаймыз. Мұны ұлттың рухани жаңғыру бағдарламасы деп те айтуға болады», - деп атап өтті директор.

Мемлекет басшысы өз мақаласында алдағы уақытқа қойылған міндеттерді нақты айқындады, олар: экологияны жақсарту, өлкетану жұмыстарын ұйымдастырып, жүргізу, тарихи ескерткіштер мен мәдени объектілерді қалпына келтіру, білім саласын жетілдіру, елді мекендерді абаттандыру. Президент көмек көрсетуге әрі туған өлкесіне қамқорлық көрсетуге дайын кәсіпкерлерді, зиялылар өкілдерін және жастарды жобаға тарту керектігін атап өтті.

«Өз кезегімде, мен кәсіпкер ретінде өз ауданымды қолдауға, мектептерге, мұражайларға, галереяларға және басқаларына мүмкіндігінше демеушілік көрсетуге әзірмін», - деп мәлімдеді Б. Тікелдиев.

Бұдан бөлек, ол Ұлт көшбасшысының әрбір қазақстандық компьютерлік сауатты болуы, шет тілдерін біліп, мәдени ашық болуы және білімін үздіксіз жаңартып отыруы тиіс деген сөздерін келтірді.

«Бұл ұлтымызға бәсекелі қабілетті болуға мүмкіндік береді. Сондықтан, мен болашақта дәл осы салаға көп көңіл бөлмекпін. Қызметкерлерді әр түрлі курстарға, соның ішінде шет тілін оқыту курстарына жіберемін. Президентіміз қойған рухани жаңғырудың жаңа ауқымды міндеттері халқымыздың алдымызда рухани дамудың жаңа мүмкіндіктерін ашады», - деп түйіндеді директор.




Яндекс.Метрика