Инвестициялар

Павлодар облысы Беларусь елінен 20 трамвай сатып алды

Беларусь еліне жасаған жұмыс сапары аясында Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов Минск облысы атқарушы комитетінің төрағасы Семен Шапиромен кездесіп, бірнеше ірі кәсіпорынды аралады.
Әлемде19 Сәуір , 16:57

Минск облысының атқару комитетінде өткен кездесуде аймақ басшысы Павлодар облысы мен Беларусь Республикасының арасындағы іскери байланыстар жыл сайын нығайып келе жатқанын атап өтті.

«Біздің Белоруссияға келудегі мақсатымыз – тәжірибе бөлісу және инвестиция тарту. Қазіргі таңда біздің өңірдің Белоруссиямен арадағы өзара тауар алмасу үлесін металлургия, машина жасау, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібінің өнімдері  құрайды. Біз сіздерден 20 трамвай сатып алып, қосымша 5 вагон алу жөнінде келісімшарт жасайтын боламыз. Сонымен қатар, біздің өңірімізде Белоруссияда жасалатын автобустар және лифттер сұранысқа ие. Сондай-ақ біздің кәсіпкерлер ауыл шаруашылығы саласында   комбайн шығару бойынша өзара әріптестікке дайын», - деді Павлодар облысының әкімі.

Болат Бақауов өзінің әріптесіне Павлодар облысының инвестициялық тартымдылығы туралы картаны таныстырды, ал, ол өз кезегінде Минск облысының басымдықтары туралы айтып берді. Кездесу қатысушылары, әсіресе, ауыл шаруашылығы саласындағы мәселелерге баса назар аударды. Павлодар мен Минск қалаларының жанынан құрылған арнайы экономикалық аймақтар туралы да сөз қозғалды.

Павлодар облысының әкімі кездесуден кейін бірнеше ірі кәсіпорында аралап көрді. «Белкоммунмаш» ААҚ-да Болат Бақауов электр транпортының өндірісімен танысып, электробуста саяхат жасаса, «Амкодор» акционерлік қоғамында аймақ басшысы арнайы техниканың өндірісімен танысты. Сонымен бірге, әкім жүзден астам кәсіпорын жұмыс істейтін «Минск» арнайы экономикалық аймағында болды.  




Яндекс.Метрика