Адами капитал

Қазақстанда Курорттық іс институты құрылады

Бүгінде Қазақстанда Курорттық іс институтын құратын уақыт келді, онда тек дәрігерлер ғана емес курорттық істің менеджерлері оқу керек, деп хабарлады ҚР Ұлттық курорттық қауымдастықтың президенті Саягүл Қайыргелдина ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Астана қаласы 19 Сәуір, 16:34

2016 жылы «Шипажай» І халықаралық ғылыми-тәжірибелік форумының шешімімен Алматыда Қазақстанның Ұлттық курорттық  қауымдастығы құрылды. Ол еліміздегі барлық санаторлық-шипажай ұйымдарының басын ерікті түрде қосты.

С.Қайыргелдинаның  ақпараты бойынша,  қауымдастықтың жұмысы барысында Қазақстан Республикасының санаторлық-курорттық қорының ұлттық реестрі құрылды.  Оның айтуынша,   бұл бағыттағы жұмыстар аяқталуға таяп қалды.

2017 жылдың сәуірінде «Қазақстан Республикасындағы курорттық істің мәселелері» журналының алғашқы номері жарыққа шықты. Онда Қазақстандағы санаторлық-курорттық іс бойынша ақпараттық материалдар, ғылыми зерттеулер көрініс тапты.

Қазақстан Республикасы Ұлттық курорттық қауымдастығының президенті болашаққа арналған жоспарларымен бөлісті.

«Санаторлық-курорттық ұйымдарына бірыңғай төлқұжат жасау жоспарлануда

Қазақстан санаторийлерін тіркеу, сертификаттау, кәсіби мамандарды оқыту және санаторлық-курорттық ұйымдарға бірыңғай төлқұжат жасау бойынша жұмыстар жүргізу жоспарланған», - деді ол.

С. Қайыргелді атап өткендей, санаторлық-курорттық іс саласында кәсіби мамандар тапшы, сондықтанда оларды дайындау керек. Бүгінде Ресей Федерациясының санаторлық-курорттық істі жүргізу тәжірибесі пайдаланылып отыр.

«Осы бағытта жұмыстар Мәскеу қалпына келтіру медицинаның халықаралық университетімен бірлесіп жүргізілуде», - деді С. Қайыргелдина.





Яндекс.Метрика